Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Ғажап мұғалім 2»

Қымбатты достар,
 
Біз сіздерді жұма күні 21 қыркүйек 2018 ж сағ.18.30  Гёте-Институт Қазақстан кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште «Ғажап мұғалім 2» атты көркем фильмі көрсетіледі.
 
Зеки Мюллер күтпеген жерден байлыққа ие болып, ұстаздық қызметінен біржолата кетемін деп шешеді. Әзірше гауһар тастарды ойыншық аюдың ішіне жасырып қою керек. Бұдан хабары жоқ Лиси, әлгі ойыншықты қайырымдылық көмек ретінде Таиландқа баратын контейнерге салып жібереді. Тығырықтан жол табу үшін Зеки Мюллер жазғы демалысқа оқушыларды Таиландқа апару қажет деп, мектеп директорын сендіреді...
 
Режиссер: Бора Дагтекин
Рөлдерде: Элиас М`Барек, Каролине Херфурт, Елла Хазе
Фильм неміс тілінде
Титр ағылшын тілінде
Категория:18+
Кіру: ақысыз
 

Артқа