Неміс киносының күндері KinoGerManija: Бір бағытқа

Бір бағытқа ©

Сн, 24.11.2018

17.00

Нұр-Сұлтан

Германия 2014, 92 мин. (FSK 12)
Режиссер: Кристиан Цюберт 
Рөлдерде: Флориан Давид Фиц, Юлия Кошитц, Юрген Фогель және т.б.
 
Басында достары Ханнестің өздерінің жыл сайынғы велосипед саяхаттарының мәресі етіп не себептен Бельгияны таңдағанын түсінбейді. Жолшыбай естіп білген шындық оларға өте ауыр соғады: Ханнес дауасы жоқ латеральдық амиотрофиялық склероз науқасына ұшыраған еді. Ол тәні жан төзгісіз аурумен семіп құритын жағдайға жетпей тұрып, Остендедегі эвтаназия жасайтын дәрігерге жетуді ойлайды. Алғашқы шоктан кейін достары өлім аузындағы Ханнес пен оның әйелімен бірге соңғы рет өмірдің тәтті дәмін тату үшін естерін жияды. Әртістердің тамаша ойындарының арқасында режиссёр мелодрама емес, трагикомедиялық роуд-мувиға қол жеткізе білген.
 
Бағдарламада сонымен қатар:
23.11. сағ. 19:00     Феникс (2014)
24.11. сағ. 15:00     Тимм Талер немесе сатылып кеткен күлкі (2017)
25.11. сағ. 15:00     Тең деңгейде (2016)
25.11. сағ. 17:00     Жазықты (2015)
 

Артқа