Неміс киносының күндері KinoGerManija: Жазықты

Жазықты © Pascal Schmit

Жк, 25.11.2018

17.00

Нұр-Сұлтан

Германия 2015, 92 мин. (FSK 12)
Режиссёр: Герд Шнайдер
Рөлдерде: Себастиан Бломберг, Кай Шуманн, Ян Мессутат және т.б.
 
Якоб, Доминик және Оливер бірге футбол ойнап, барға барып жүретін достар ғана емес, олардың мамандықтары да бір: үшеуі – еңбек жолын енді бастаған католик дінінің қызметшілері. Якоб тұтқындармен жұмыс істейді, Доминик діни қауымда қызмет етсе, Оливер шіркеулік басқармада мәнсап жолында. Бірде Доминикті полиция ұстап әкетеді. Оған кәмелетке толмаған балаларды жыныстық қарым-қатынасқа итермелеген деген айып тағылады. Якоб тағылған айыптың ақиқаттығына ұзақ уақыт – Доминик күнәсін мойындағанға дейін – күмәнданады. Оппортунист Оливер сонда да қозғалған істі басып тастауға тырысады. Бірақ ол Якобты жете бағаламаған еді.
 
Бағдарламада сонымен қатар:
23.11. сағ. 19         Феникс (2014)
24.11. сағ. 15         Тимм Талер немесе сатылып кеткен күлкі (2017)
24.11. сағ. 17         Бір бағытқа (2014)
25.11. сағ. 15         Тең деңгейде (2016)
 

Артқа