Әдеби кеш Әдеби кештер: "Джунгли баласы", Сабине Кюглер

Қымбатты достар,

қысқы мерекелерден соң „Әдеби кештер“ атты клубымыз өз жұмысын жалғастыруда.

Егер неміс тілін үйреніп жүрсеңіз немесе немісше сөйлеп әрі заманауи неміс әдебиетімен жақынырақ танысқыңыз келсе, неміс тілді авторлардың шығармашылығымен таныс болғыңыз келсе, онда 2019 ж. 25 қаңтар күні сағат 18:30-да сіздерді кезекті отырысымызға шақырамыз.

Бұл жолы неміс авторы Сабине Кюглердің „Джунгли баласы“ атты бестселлер шығармасымен танысамыз.
Аталмыш кітаптың оқырмандарына ұнағаны сонша, 2005 жылы жарыққа шыға салысымен 7 апта бойы «Spiegel» журналының үздік сатылымдағы кітабы тізімінен түспеді! 2011 жылы бұл шығарма әлемнің 31 тіліне аударылып, 1,5 миллион тиражбен сатылды. Сол жылы фильм сценариі бойынша фильм түсірілді.
Таңғаларлық туристік қана емес, мәдениет аралық саяхат жайлы бірге оқиық!

Мына жерден қысқаша үзінді оқи отырыңыздар: Сабине Кюглер: Джунгли баласы

Автордың басқа да шығармаларын біздің Onleihe қорымыздан да оқуларыңызға болады.

Сондай-ақ біздің Onleihe қорымызды да назарларыңызға ұсынамыз: www.goethe.de/ins/kz/ru/alm/kul/bib/onl.html

 

Артқа