Концерт Three Fall тобының Орта Азиядағы концерттік сапары

Three Fall ©MaxBrunnert

Сн, 06.04.2019

17.00

Нұр-Сұлтан

Лутц Штройн - тенор саксофон, бас-кларнет
Тиль Шнайдер - тромбон
Себастьян Винне – соқпалы аспап, перкуссия

 
Қазіргі неміс джаз музыкасының ерекше сәнінің бірі – Three Fall триосы. Аталмыш топ джаздан ең алдымен өздеріне ұнайтынмен айналысу еркіндігін  алған. Сондықтан да олардың әуенінен хип-хоп, фанк және регги сазы байқалады. Трионы өзінің Германия аумағындағы концерттік турының кіріспесіне таңдап алған «Тромбонды мыртық» (өз есімі Трой Эндрюс, англ. Troy Andrews) оны «бірегей» деп таныды. Топтың қайталанбас әуені соңғы кезде Германия, Қытай, Ресей, Египет, Италия және Испания елдерінде өткен концерттерде де көрермен қауымға зор қуаныш сыйлады.
Олардың дебюттік ACT-альбомына американдық Red Hot Chili Peppers рок-группасының өңделген әндері енген. Олар туралы сол топтың барабаншысы  Чед Смит „бұл бұған дейін мен естіген Red Hot Chili Peppers әндерінің кавер-нұсқаларының ішіндегі ең тамашасы...“ дейді. Ал неміс музыканттарының өз композициялары туралы да әлі күнге дейін «дәл Three Fall секілді ешкім де ойнамайды» деген баға беріледі. 
 
www.threefall.de
 
Түркіменстан, Қазақстан және Қырғызстандағы концерттер:

30.03. сағ. 19:00 – Ашхабад, Watan концерт залы, Гөроғлы көш. 46,
03.04. сағ. 18:30 – Қарағанды, Шалқыма концерт залы, Костенко көш. 7 
04.04. сағ. 21:00 – Астана, The Bus пабы,  Қорғалжын тасжолы 3, Smart
                               бизнес-орталығы
09.04. сағ. 18:00 – Ош, Ибраимов ат. Қырғыз Ұлттық драма театры,
                                Құрманжан Датқа көш. 162,
10.04. сағ. 19:00 – Бішкек, Metro Pub, Чуй даңғ. 168  
 

Артқа