Фильм ұсыну Еуропалық кино уикенді

Транзит © Christian Schulz / Schramm Film

Жм, 14.06.2019 -
Жк, 16.06.2019

Нұр-Сұлтан

2019 жылдың 14 - 16 маусымы аралығында „Арман“ кинотеатрында  Еуропалық кино уикенді өтеді. Шараны Алматыдағы Еуропа Одағына мүше елдердің мәдени ұйымдарының қоғамдастығы (EUNIC Almaty) мен Наргиз Шүкенова бірлесіп ұйымдастырады.  
 
Кино уикенді аясында Австрия, Германия, Латвия, Литва, Франция және Швейцария елдері көрермен қауымға фильмдерін ұсынады.    
 
Қазақстан Гёте-Институты 15 маусым, сенбі күні сағ. 18:00 режиссер Кристиан Петцольдтың «Транзит» атты көркем фильмін көрсетеді.
 
Фильмдер түпнұсқа тілде және орыс тіліндегі субтитрмен көрсетіледі.

Билет құны: 1000 теңге

Уикенд бағдарламасында:
 
14.06.  19:00     Un peuple et son roi / Бір король – бір Франция
                          (18+) / Франция
15.06.  16:00     Sasha was here / Мұнда Саша болды
                          (18+) / Литва, Финляндия
15.06.  18:00     Transit / Транзит (12+) / Германия, Франция
16.06.  16:00     Paradize 89 / Жұмақ 89 
                          (18+) / Латвия, Германия
16.06.  18:00     Happy as Lazzaro / Бақытты Лазарь (16+) / Швейцария, 
                          Италия, Франция, Германия
16.06.  20:30     The cops / Коптар (18+) / Австрия
 
 
Қосымша мәлімет: www.arman3d.kz
 
 

Артқа