Театрлық семинар «Театр қойылымын қалай дайындаймын?»

Мақсатты топ: өздерінің жеткіншектерінің театр тобымен 2018 жылы  қараша айында болатын театр фестиваліне қойылым дайындағысы келетін  немесе фестивальдерге қатысып көрген  қазақстандық мемлекеттік оқу орындарындағы неміс тілі мұғалімдері.
 
Өтетін орны: Алматыдағы Гёте-Институт
Өтетін уақыты: 13-17 маусым 2018 ж.
 
Мазмұны:
Режиссерлік жұмыс негізі (мыс. қойылымды таңдау, сценарий жазу, рольдерді бөлу, дайындықтарды жоспардау, реквизиттер шеберханасы, костюмдер, маскалар, т.б)
Пьеса мәтінімен жұмыс (бастапқы импровизация, оқылым түрін іздеу, т.б.) versus өзіңнің жеке пьесаңды жазу
Театр педагогикасының негізі
1. Актер шеберлігін жаттықтыру
2. Импровизацияға енгізу
3. Мәтін мен образдарды дайындау
4. Сөйлеу  мен интонация (шет тілде болатын театрлық жұмыс ерекше қабылданады) 
Оның сыртында қатысушылар ойнауды көрсету тәжірибесі және режиссерлік тапсырмалар арқылы жетекшілік ету ілімдерін де алады.
 
Қатысу шарттары:
Бес  күнгі семинарға белсенді түрде қатысу, 40 ак.сағ.
Театр саласында біліміі болу шарт емес 


Осы семинарға неге қызығушылық танытқаныңызға  негіздеме және қысқаша түйіндемені бірге қосып  Анна Мельник ханымға 05.05.2018 ж -дейін  жіберіңіз: anna.melnik@goethe.de
 

Артқа