Қала бұрыштары

 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегінің аралығында Қазақстанның бас қаласы Астанада дүниежүзілік ЭКСПО 2017 көрмесі „Болашақ энергиясы“ тақырыбы бойынша өтті. Бұл осындай көлемде ТМД елдерінде өткен алғашқы көрме. Қазақстандағы Гёте-Институт бұл үлкен шараның аясында энергияға қатысты Астана  жастарына арналған жобаны жүзеге асырды. „Қала бұрыштары: Астанадағы жасыл «энергия»“ атты мобильдік қосымша арқылы  қаланың экологиялық және энергия үнемдейтін нысандары насихатталды. Жоба әлі жалғасын табады.
 
Бұл қосымша жастардың экологиялық сана-сезімінің өсуін қамтамасыз етіп, олардың қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелерге көңіл бөлуіне әсер етеді. Ойын бүгінгі қалалық жастардың ата-бабаларының кешкен көшпенді ғұмырына байланысты. Ол 5 энергия элементтері туралы ежелгі ұғымды бүгінгі таңдағы баламалы энергиямен байланыстырып, сол арқылы Орталық Азиялық мифологиялық ойлар мен заманауи ағартушылық мәдениеттің арасына көпір болады.
 
Бұл қосымшада белгілі бір орындар, тақырыптар мен сұрақтар қазақ халқының мәдениеті мен тарихымен тығыз байланысты ойдан шығарылған оқиғалар аумағының бір бөлігі болып табылады. Жаңашыл, қызықты да тартымды бұл ойынның мақсаты ойыншылардың жеке тәжірибесі, олардың қаламен қарым-қатынас орнатуы және энергетикалық саясатқа қатысты мәселелерге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен мифологиялық элементтері бар қызықты хикая жастарды олардың ата-бабалары ғұмыр кешкен таулар мен дала арқылы ЭКСПО қызу шараларына жеткізеді.

Ойынды төрт тілде (неміс, ағылшын, орыс және қазақ) App Store мен Playmarket-тен IOS (8.0 нұсқасынан бастап) және Android (4.4.0 нұсқасынан бастап) операциялық жүйелерінің көмегімен „Қала бұрыштары“ немесе „Urban Corners“ атаулары арқылы іздеп, мобильдік қондырғыларға ақысыз жүктеп алуға болады.
Тапсырмаларды орындау үшін ойыншының Астанадағы белгілі бір нақты орындарға баруы қажет. Оның дәлелі орналасқан жерін анықтайтын GPS жүйесі болмақ. Тапсырмалар аясында QR-кодтарды іздеп, сканерлеу, сұрақтарға жауап беру, суретке түсіру қажет. Ойыншылар өздері жүктеген суреттерін https://urban-corners.org/photostream желісінен көре алады.
Сонымен қатар олар ойынға қатысты жаңа бастамаларымен және экологиялық тақырыптар жөніндегі ойларымен төмендегі әлеуметтік желілерде бөлісе алады:
www.facebook.com/urbaneecken
https://vk.com/id393250859
Көрсетілген парақшаларда және www.urbaneecken.org парақшада Қазақстан Гёте-Институты ойыншыларды ойын аясындағы қосымша ақпараттармен және жаңалықтармен таныстырып, ақыл-кеңес беріп отырады.