Байқау ПОЭЗИЯЛЫҚ ТУРНИР БАЙҚАУЫ

ПОЭЗИЯЛЫҚ ТУРНИР ©BernhardLudewig

Ср, 04.09.2019 -
Дс, 30.09.2019

Kasachstan

Қазақстан Гёте -Институты 2019 ж.  өзінің 25-жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған мерекеге орай біз поэзиялық турнир байқауын жариялаймыз. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең ақпан айында болып өтті, ал екінші кезеңнің шарттары енді жарияланады:

Екінші кезеңдегі еркін тақырып
(мыс. махаббат, отбасы, достық және жан-жануарлар жайлы)

 
Біз барлық жастағы қатысушыларды қуана қарсы аламыз. Сіз бұл байқауға неміс тілін жақсы білсеңіз, немесе тіпті  осыдан 20-30 жыл бұрын неміс тілін оқысаңыз да қатыса аласыз.

Бізге өзіңіз таңдаған өлеңді оқып тұрған бейнебаянды жіберіңіз.

Бейнебаянның ұзақтығы 5 – 8 минут болуы керек, негізінен неміс тілінде болғаны шарт.

Сіздің неміс тілін меңгеру деңгейіңіз А2 кем болмауы тиіс.

Өз жұмысыңызды 2019 ж.  30-қыркүйекке дейін жіберуіңізді сұраймыз.

Біз сіздің бейнебаян жұмыстарыңызды  қуана күтеміз!
 
Сізге берілетін тапсырмалар:

Бір өлең таңдап алыңыз (неміс, қазақ не орыс тілінде)

Өлеңнің қысқаша мазмұнын неміс тілінде айтып беріңіз (шамамен 5 сөйлем)

Өлеңнің қысқаша мазмұнын қазақ не орыстілінде айтып беріңіз (шамамен 5 сөйлем)

Өлеңді неміс тілінде оқып беріңіз. Егер өлең неміс тіліне аударылмаған болса аударып көріңіз. Ұзақ өлең таңдасаңыз, тек бірнеше жолын ғана оқып беріңіз. Осы орайда  сіз әр түрлі элементтерді (мыс. ым, қимыл,музыка, суреттер, фотолар, би мен костюмдерді пайдалана аласыз.  

Сіз неге осы өлеңді таңдадыңыз? Сізге не әсер етті?

Сіздің ойыңызша, неге өлеңдер ғасырлар бойы кез-келген тақырыпқа және барлық тілдерде жазылып келеді?
 
Жұмыстарыңызды 30.09.2019 ж. дейін Анна Мельник ханымға төмендегі электрондық  адреске жіберіңіз:
 bkd-almaty@goethe.de
 
Байқаудың қорытынды іс-шарасы 2019 жылы күзде  өтетін болады.
 

Артқа