Фестиваль FemAgora фестивалі онлайн өтеді

 Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан спикер әйелдері мен көрермендерінің басын қосатын жыл сайынғы Орталық Азия феминистік фестивалі биыл үшінші рет 2020 жылдың 25 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында онлайн-форматта өтеді. Биылғы жылы фестиваль бағдарламасында түрлі платформалардағы пікірталастардың онлайн трансляциясы, Zoom-дағы воркшоптар  мен фильмдердің көрсетілімдері ұсынылады.
 
FemAgora фестивалінің мақсаты – әйелдердің атқарып жатқан қызметі мен гендерлік ахуалды ашық көрсету, феминистік бастамалардың ынтымақтасуы мен олардың жұмысын құжаттандыру. Бұл мақсаттар COVID-19 індеті мен оның ерекше осал топтар мен әйелдер қоғамдастығы өміріне әсер ететін кезеңінде ерекше маңызды. Кездесу спикерлері мен жарияланым авторлары суретші, журналист, зерттеуші, режиссер әйелдер, сондай-ақ әйелдер құрайтын ұлттық механизмдер және Орталық Азия елдерінің басқа да сарапшы әйелдері болып табылады.
 
Фестиваль аясындағы пікірталастар мен воркшоптар мына тақырыптарға арналады: Орталық Азиядағы феминистік қозғалыстың құрылымы, экобелсенділік және саналы тұтыну, ұят, әскери қақтығыстар кезіндегі әйелдер, саясат пен еңбек нарығындағы әйелдер, жұмыс орыны мен көпшілік орындардағы, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық және Орталық Азиядағы дағдарыс орталықтары, әйелдердің құжаттануы, маскулиндік дағдарысы, секс, гендер және отбасы.
 
Әйелдердің құқық қорғау ұйымдары мен белсенділер тобының жұмысына көмегі тиер деп   қабылданған шешімдер фестивальден кейін жарияланады.
 
Биыл фестивальда жаңа формат – суретші, жазушы, ақын әйелдер қатысатын арнайы жобалар пайда болады, олардың шығармашылығымен әлеуметтік желілер мен сайтта фестивальдің онлайн беттерінен танысуға болады.
 
Биылғы фестивальға Орталық Азиядағы Роза Люксембург және Қазақстандағы Фридрих Эберт қорларының өкілдіктері мен Қазақстандағы Гёте-Институт қолдау көрсетіп отыр.
 
Осыған дейін фестиваль Алматыда өз алаңына гендерлік теңдік мәселесі қызықтыратын көп тыңдармандарды екі рет жинаған еді. 
 
Толығырақ ақпаратты мына сілтемелер арқылы алуға болады:
https://femagora.org/2020
https://www.facebook.com/femagora
https://www.instagram.com/femagora
 
Байланыс: Арина Осиновская, фестивальдің   медиа координаторы
cheshir679@gmail.com , info@femagora.org
 
 
 

Артқа