Неміс киносының күндері KinoGerManija: Феникс

Феникс © Schrammfilm

Жм, 23.11.2018

19.00

Нұр-Сұлтан

Германия 2014, 94 мин. (FSK 12)
Режиссер: Кристиан Петцольд  
Рөлдерде: Нина Хосс, Рональд Зеерфельд, Нина Кунцендорф және т.б.
 
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң еврей қызы Нелли Германияға қайта оралады. Тұтқындар лагерінде алған ауыр жарақаттардан бет-аузынан ештеңе көрінбейді. Бұрынғы күйеуі Джони әйелінің аман қалғанынан бейхабар. Құрбысы Лене Джонидің Неллиге опасыздық жасап, әйелін нацистерге сатып жібергеніне сенімді болса да, Нелли күйеуін іздейді. Екеуі кездескен кезде Джони жарын танымайды. Әйелдің өзінің жарымен айқын ұқсастықтары бар екендігін аңғарған Джони бұл жағдайды өз пайдасына жаратуды ойлайды. Ол қаза болған әйелінің мұрасына қол жеткізу үшін Неллиге жарының рөлін ойнатуды жоспарлайды. Феникс – жүзеге асуы мүмкін емес қайта оралу мен мәңгіге жоғалған барабарлық туралы хикая.        
 
Бағдарламада сонымен қатар:
24.11. сағ. 15         Тимм Талер немесе сатылып кеткен күлкі (2017)
24.11. сағ. 17         Бір бағытқа (2014)
25.11. сағ. 15         Тең деңгейде (2016)
25.11. сағ. 17         Жазықты (2015)

Артқа