Фильм Алты қысқаметражды неміс фильмі стримиңде!

Жм, 29.05.2020

18.00 - 22.00

Online

Short Export 2020

Қазақстандағы Гете-Институт таңдамалы қысқаметражды неміс фильмдерін қамтитын SHORT EXPORT - MADE IN GERMANY бағдарламасын ұсынады. Short Export пайда болғалы, 15 жыл,  өз бағдарламаларында қысқаметражды неміс фильмдерін бүкіл әлемге көрсетіп келеді.

AG Kurzfilm, German Films, Goethe-Institut Lyon, Kurzfilm Agentur Hamburg және  Clermont-Ferrand Халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалі арасындағы ынтымақтастық 2020 жылы да үздік қысқаметражды фильмдер бағдарламасын дүниеге әкелген.
 
SHORT EXPORT 2020 Клермон-Ферран фестиваліне жіберілген шамамен 600 фильмнің арасынан таңдалып алынған неміс қысқаметражды фильм жасау саласының көркемдік-эстетикалық саналуандығын көрсететін алты  өзекті фильмді ұсынады. Әзілге толы және ерекше әдіспен олар өзін-өзі оңтайландыру, мықты әйелдер мен әлсіз еркектер туралы әңгімелейді.
 
АСКОНА
Юлиус Доммер –Деректі фильм - 15'
УЗЫ
Дина Великовская – Анимациялық фильм - 7'
СЫНАЛУШЫ
Ханнес Шиллинг – Қысқаметражды фильм - 30'
FACELIFT
Ян Ризэнбек, Деннис Штайн-Шомбург – Тәжірибелік фильм - 7'
СИЯ КЕППЕЙДІ
Феликс Херманн – Деректі фильм - 15'
ХОТ ДОГ- Марлин Валиен, Альма Буддеке - Қысқаметражды фильм - 8' 

Фильмдер туралы ақпарат (D,E,F)
 
Түпнұсқа фильмдер, субтитр неміс, ағылшын, орыс және француз тілінде.

Балалар мен жасөспірімдерге арналмаған!
 
Short Export 2020 бағдарламасын біз 2020 ж. 29 мамырда сағат 18.00 - 22.00 аралығында Vimeo онлайн платформасында көрсетеміз.
Тегін қолжеткізу деректерін info-almaty@goethe.de -ге сұраныс жіберу арқылы аласыз. 

29 мамыр күні сағат 21:00 @goetheinstitut_kasachstan Instagram парақшасында УЗЫ фильмінің режиссёры Дина Великовскаямен тікелей эфирде жүздесуге мүмкіншілік бар, қосылыңыздар!  
 

Құпиясөз: ShortExport2020@Qazaqstan

Құпиясөзді төмендегі видеотерезеге енгізіңіз. Субтитрлерді  CC таңбасына басу арқылы қоса аласыз.
 

Артқа