Тіл
Менің қалама қош келдіңіз!

 Бейне байқауы
© Goethe-Institut Kasachstan

Біздің серіктестеріміз – Қазақстан мен Қырғызстандағы Тіл үйрету орталықтары – биыл өздерінің 20 жылдық мерейтойларын атап өтуде! Соған байланысты Қазақстандағы Гете-Институтпен бірге „Менің қалама қош келдіңіз!“ атты видеосайыс өткізілді.

Қатысушылар өз қалалары жайлы қысқа, бірақ әсерлі видео түсіріп, ол туралы неміс тілінде әңгімелеп беруі тиіс еді. Таяуда сайыс өз мәресіне жетіп, қазылар алқасы жеңімпаздардың аттарын жариялады:

Нұр-Сұлтан қ. Тіл орталығы – Алина Шнейдер (1- орын), Карина Фёдорова (2- орын), Асемханым Нұрбердиева (3- орын).

Қарағанды қ. Тіл орталығы – Эльвира Куропаткина (1- орын), Вероника Савина (2- орын). Эдуард Никель (3- орын).

Қостанай қ. Тіл орталығы – Андрей Кузнецов (1- орын), Татьяна Гаммер (2- орын), Светлана Денисова (3- орын).

Павлодар қ. Тіл орталығы – Виктор Шу (1- орын), Қалима Еркібаева (2- орын), Татьяна Кисенкова (3- орын).

Бішкек қ. Тіл орталығы – Айкерим Шабдалиева (1- орын), Айдай Жумабек кызы (2- орын), Роза Иммаева (3- орын).

Бірінші орынға Тіл орталығында өтетін неміс тілі курсы тегін берілді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және серіктестерімізге, Тіл орталықтарына, алдағы уақытта сәттілік пен табыс тілейміз!