Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

АҚ ҚОЯН ПАЛЕРМО КОРОЛІНЕ ҚАРСЫ

Палермоның қожайыны  өте құдіретті адам еді. Оның империясы теңізден теңізге дейінгі алапты алып жататын.
Бірде...
Жарақатыңыз өте ауыр, мұның бір ғана емі бар. Стромболи ақ қоянының бауыры...бірақ оны ұстау мүмкін емес, ол өте ақылды және жылдам!
Маған сол қоянды тауып әкеліңдер! Каролло, жолға шық, Этторе мен Уроданы ертіп ал!
Қоян! Қоян!
Уфф! Бон джорно, синьор Қоян! Сіз туралы көп естідім! Танысқаныма қуаныштымын.
Бон джорно! Әлемді шарлап, көп нәрсе көрдім! Бірақ дәл сендей ұсқынсыз жануарды еш көрмепппін. Ағаш табақтан аумайсың!
Менің атым Каролло. Сені Палермоға, керемет сарайға қонаққа шақыра келдім.
Қоян, мен Палермоның қожайынымын, сен...
...кішкене ғана жәндіксің!
Мен дерттімін, мені сенің бауырыңнан басқа ештеңе құтқара алмайды!
Өлеріңде күлімсіре, Қоян! Сен құдіретті адам үшін жан тапсырасың! Қымбатты қожайын, сізді мұңайтатыным өкінішті-ақ.
Менің әкем — ол жұлдыз болған — маған тек таңғы шықты ғана ішкізетін, содан менің бауырым барлық дерттің дәруіне айналды. Менен оны бәрі сұрайтын болды. Сондықтан мен оны алып... ... үлкен тастың астына тығып қойған едім.
Сіздің науқас екеніңізді білгенде, әрине, ала келетін едім!
Қоянды алып, қайта бар сол жаққа!
Сол бауырды алып кел енді!
Мақұл, падрино!
Сен мені алдадың! Сенің қожайының үшін өлетін жайым жоқ!
Қоян!
Не?
Шық!
Атаңның басы шығам, есек! Қожайыныңа да айта бар!
Соңы.
 

Неле Брённер
Nele Brönner

 Неле Брённер 1977 ж. Марбургте туған. Берлиндегі Өнер университетінде оқыған. Қазір де Берлинде тұрады, иллюстратор, балалар кітабының авторы және карикатурист. 2015 ж. өзінің дебюттік «Маймылдар тұзағы» кітабы үшін Неміс балалар және жасөспірімдер әдебиеті академиясының „Serafina“ сыйлығына және Франкфурт кітап жәрмеңкесінің марапатына ие болды.
www.nelebroenner.com/