Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

Суперкевин

Кевин кофеині бар радиоактивті лимонадты ішіп алған соң, суперақылды, супермықты т.с.с. болып кетті... Ешкім оны құрта алмайтын болды! Әне, жоғарыда! Суперкевин! ...Ол Һаагтағы Халықаралық сотты біраз әуреге салды... Асад, аль-Башир, Лукашенко, Мугабе, Хаджич … Түтіні дертке дауа, өзі электр қуатын шығаратын өсімдікті ойлап тапты... Иісі біртүрлі. Жаңа машинаның иісіндей. ... климаттық апатты тоқтатты... Тамаша! Өзімнің мұздай суық көзқарасыммен полюстерді қайта қатырамын! ...түрлі басқыншыларды өз елдеріне қайтарды. Қош! ...және барлық атом реакторларынан, радиоактивті қалдықтардан, атом зауыттары мен ядролық қарудан құтылды. Бұл пәленің бәрін тура күнге лақтырып жіберемін! Оның бұл ерліктеріне бәрі қуанған жоқ. Сорлы коммунист! Еврей! Иса сияқты ма? Ол - америкалықтар  «51-ші зонаға» тығып қойған басқа планеталық! Суперкевин оның бәріне басын қатырмайды. Ол „Pussy Riot“-тардың біреуіне үйленді де, екеуі Мүльһайм-Шпельдорфта тыныш өмір сүріп жатты. Котик, кешкі ас дайын! Келе жатырмын, сладкая! Ах, иә, оның барлық бақша шаңсорғыштарын қалай, қайда жібергенін де ешкім білмейді.

Хендрик Доргатен
Hendrik Dorgathen

 Хендрик Доргатен 1957 ж. туған. Мюльхайм-ан-дер-Рурде және Кассельде тұрады. 2003 жылдан Кассельдің Жоғары өнер мектебінде иллюстрация, комикс өнерінен дәріс береді. „Edition Moderne“ баспасы оның „Slow“ комиксі мен «Holo Deck» сурет альбомын жарыққа шығарған.
www.dorgathen.org