Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

ҚЫЗҒЫЛТ! ДҮНИЕ ҚЫЗҒЫЛТ БОЛУЫ КЕРЕК

Бұл оның өмірге көзқарасы, деп оның әйелі қарсылық білдірді.
Көз проблема емес, деді дәрігер.
Сөйтті де, оған басқа әбден қартайған бір адамның көздерін берді. 
Енді  көздері сұр емес, көк болды.
Ештеңе өзгерген жоқ, деді ол әйеліне.
Әйелі (бір дәріден басқа) бар нәрсені қолданып көрген еді.
Бұл дәл осы мақсатта қолданылатын дәрі, деген оған дәрігер.
Дүние еш себепсіз құлпырып кетеді.
Дүние құлпырып кетті, деді ол әйеліне.
Дүние құлпырып кетті, деді ол әйеліне.
Дүние құлпырып кетті, деді ол әйеліне.
құлпырды
Жақсы болды, деді әйелі.
Дүние құлпырды.
Ол қатты сөйлейді, деді әйелі дәрігерге.
жаңа дәрі
Жаңа дәрі, дәрігер айтқандай, көмектесті: Дүние құлпырып тұрды, олар екеуі тыныштықта содан ләззат алды.

Доротея Хубер
Dorothea Huber

 Доротея Хубер 1980 ж. Кауфбойренде туған. Һильдесһаймдағы Қолданбалы ғылым мен өнер университетінде графикалық дизайнды оқып үйренді. Александр Дюманың 2008 ж. „Büchergilde Gutenberg“ баспасы шығарған «Капитан Памфил» кітабын иллюстрациялаған. Берлинде тұрады, иллюстратор боп қызмет істейді.
www.dorohuber.de