Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

Марта

Һамбург орнитологиялық отырысы. Болат шкафтарда ғажап қазына жасырылған. Спирттелген препараттар мен ұрықтар, сүйектер мен басқа да сирек кездесетін нәрселер. Солардың арасында – Ectopistes migratorius. Солтүстікамерикалық жиһанкез кептер. Бұрын ол әлемде ең көп кездесетін құс болатын. Тіпті сонау XVIII ғасырдың басында 5 миллиард кептер Америка аспанын жауып кететін. Олардың бір тобы дамылдауға тоқтағанда, олардың салмағынан ағаштар сынып кететін. Сосын ұлы аулау басталды. Онжылдықтар бойы күніне миллиондаған кептер өлтірілді: оларды аулады, ұрып өлтірді, атып өлтірді. Әбден құрып біткенше. Марта, әлемдегі соңғы жиһанкез кептер, 1914 жылы Цинциннати зообағында өлді. Мұндай болады деген... ...ешкімнің ойына да келмеп еді.

Нора Марлен
Nora Marleen

 Нора Марлен 1990 ж туған. 2016 жылдан Берлинде тәуелсіз иллюстратор. Иллюстрацияны Мюнстердегі Жоғары кәсіби мектепте оқыған, алмасу бағдарламасымен Оңтүстік Кореяда оқыған. Сосын Һамбургке көшіп, сондағы Қолданбалы ғылым жоғары мектебіне түсті. Оның дипломдық жұмысының тақырыбы әйелдің сексуалдылығы болған. Шығармалары Германиядағы және шет елдердегі бірқатар көрмелерге қойылды.
www.noramarleen.de