Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

1970-ші жылдары Уганданың экономикасы әбден құлдырады

1970-ші жылдары Уганданың экономикасы әбден құлдырады.
Кола табылмайтын.
Әсіресе араб тіліндегі жапсырмасы бар шөлмектері қолға түспейтін.
Олар бәріненде дәмдірек еді.
Ересектердің барлығы Иди Аминге, қандықол диктаторға, қарсы болды.
Менің табынатыным Робин Гуд еді, менің де көмектескім, күрескім келді.
Бірде сондай мүмкіндік те туа қалды. Әскери полиция бассейнді қоршап тастады. Бәріне судан шығуды бұйырды.
Көп күттік.
Әйтеуір бір кезде Амин келді де, суға тек бір сүңгіп шықты.
Өкінішке орай, мен қаруымды үйде қалдырып кетіппін.

Содан кейін балаларға тегін сусындар беріле бастады.
Әрине, біз Робин Гуд екеуіміз одан бірден бас тартар едік.
Не оны кедейлерге берер едік.
Бірақ онда кола болды.
Біраз итерісіп, тартысып, сондағы жалғыз араб коласына қол жеткіздім.
Мен ойлағандай, дәмі керемет екен.
Ал Робин Гудты содан қайтып көрмедім.

Биргит Вайе
Birgit Weyhe

 Биргит Вайе 1969 ж. Мюнхенде туған. Балалық, жастық шағы Шығыс Африкада өтті. Оның дебюттік комиксі «Мен білем» 2008 ж. „Mami Verlag“ баспасынан шыққан. «Тізбек», «Аспанда жәрмеңке», „Madgermanes“ және „German Calendar No December“ кітаптары „Avant-Verlag“ баспасынан басылып шықты. Һамбургте тұрады. 2012 жылдан Қолданбалы ғылым жоғары мектебінде сабақ береді.
www.birgit-weyhe.de