Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

Төрт секунд

Біреу айқайлайды! Естимісің? Жел ғой. Осылай жолды табатынымызға сенімдісің бе? Иәә... Ал енді? Жолайрық. Оңға, солға? Картасыз қайдан білеміз? Соны қалтадан өзің де ала салсаң болатын еді ғой! Оңға барайық. Не? Ей, тоқтай тұр! Мұндай сенім қайдан келді саған? Ішкі түйсігім ғой. Аһ. Оған сенуге бола ма? Басқа амал бар ма, картасыз? Енді... Ойланып, таразылап дегендей? Пайда жоқ. Өз шешімдерімізге бәрібір еш ықпал ете алмаймыз. Бәрі, ойланбастан-ақ, бола береді. Ғалымдар мынаны анықтапты: төрт секундта... өзімізше, біз шешім қабылдадық дегенге дейін, ...миымыздағы ағымдар біз үшін бәрін шешіп қояды екен. Ах, солай ма. Енді жоғары шығамыз?! Уфф. Онда бізге саналы ой не керек? Жақсы сұрақ. Біздің шешім қабылдау деп жүргеніміз... әншейін қосымша әрекет — постфактум. Жолды көріп тұрсың ба? Жооқ. Басқа жаққа бұрылу керек еді. Тоқта. Сонда, еркін шешім қабылдау дегеннің болмағаны ғой? Қалай десе болады... Иллюзия. Адам өз ақылын үнемі артық бағалаған. Олай болса, біз ештеңеге үйренбейміз бе? Дамымаймыз ба? Ешқашан... Қара! Біреу келе жатыр! Көрдің бе? Біз дұрыс келе жатырмыз! Жол ана жақта!

Барбара Елин
Barbara Yelin

 Барбара Елин 1977 ж. Мюнхенде туған, Һамбург Қолданбалы ғылым жоғары  мектебінде иллюстрацияны оқыған. 2014 ж.  „Reprodukt“ баспасынан оның «Ирмина» комиксі шықты, одан кейін «Бәріненде маңызды бір нәрсе: өзіңе сен. Актриса Ханна Марон» және «Оның өмірінің жазы» атты кітаптары жарық көрді. „Frankfurter Rundschau“ және „Tagesspiegel“ баспаларымен жұмыс істейді. 2016 ж. үздік неміс тілді комиксист ретінде „Max und Moritz“ сыйлығын алды. Мюнхенде тұрады.
www.barbarayelin.de