Деңгейлер А1-С2
Неміс тілі курстары және Неміс тілі емтиханадры

  Ең бастапқы деңгейде шет тілін меңгеру
  A1
Маған таныс сөздер мен сөйлемдерді белгілі бір жағдайларда түсіне және қолдана аламын. Өзімді және басқа адамдарды таныстыра аламын, және де өзінің тұратын жерім жайлы, таныстарым жайлы, өз жеке меншігім жайлы қысқа сұрақтарға жауап бере аламын. Қиын емес әңгімеге қатыса аламын, егерде әңгімелесетін адам менімен ақырын және нақты әңгіме құрса және де маған көмектесуге даяр болса.
  A2
Жеке сөйлемдер мен және күнделікті өмірде жиі кездесетін сөз тіркестерін, мысалы өзім жайлы, туыстарым жайлы, дүкендерде зат сатып алу немесе жұмысқа орналасу кезінде кездесетін сөз тіркестерін түсіне аламын. Күнделікті өмірде жиі қолданылатын мағлұматтарды түсіне және қолдана аламын. Жай сөйлемдерді қолдана отырып өзім, туыстарым мен таныстарым жайында әңгіме құра аламын.
  Ортаңғы деңгейдегі шет тілін меңгеру
  B1
Жұмыста, оқуда және бос уақытта кездесетін темаларға байланысты әдеби тілде берілген ең маңызды және тура мағлұматты түсіне / қолдана аламын. Мен меңгеріп жүрген тілде сөйлейтін елде болсам көп жағдайларда түсінісе аламын. Өзімді өте қызықтыратын және таныс темаларға әңгіме құра аламын. Алдыма қойған жоспарларым, үміттерім, оқиғалар және әсерлерім жайында әңгімелей аламын.
  B2
Бәлгілі бір темаға арналған абстрактты және тура мағыналы қиын мәтіндер мазмұнын түсіне аламын. Шет елдіктермен үнемі қиындықсыз тез және спонтанды темаларда әңгімелесе аламын. Олармен әр-түрлі темаларда әңгіме құра отрырып, өз ойымды толық жеткізіп, пікір таласа аламын.
  Жоғары деңгейде шет тілін меңгеру
  C1
Жасырын мағыналы өте қиын темаларға арналған мәтіндерді түсіне аламын. Жылдам және ойланбастан, еш қиындықсыз әр-түрлі сөз тіркестерін қолдана отырып әңгімелесе аламын. Ғылым және қызмет бабында тілді жылдам қолдана аламын. Толық және нақты, қиын сөз тіркестерін отырып құрастырылған мағынасы терең хабарламаларды жасай аламын.
  C2
Жазбаша немесе ауызша мағлұматтарды толық түсіне отырып, сол жайында жақсы мәтін құрастыра аламын. Жылдам және ойланбастан, еш қиындықсыз тура мағынасын жеткізе отырып әңгіме құра аламын.