dokBox / Неміс деректі фильмдерінің апталығы B-Movie: Батыс Берлиндегі шу мен ыза

Жм, 17.11.2017

19.00 - 20.30

Нұр-Сұлтан

Режиссёр: Йорг A. Хоппе, Клаус Маек, Хайко Ланге
(2015, 92 мин.)
 
20 жасар манчестерлік Марк Ридер 1980 жылы әйгілі Joy Division рок тобының төңірегіндегі сүйікті ісін тастап, Батыс Берлинге жол тартады. Неміс электрондық музыкасы британдық музыкант, продюсер, әртіс әрі автор Марк Ридерді тәнті қылады. Ол алуан түрлі өнерпаздар мен коммунарлар, скваттерлер мен гедонистер сайран құрған үлкен қаланың джунглиіне еніп кете барады. Дуалмен бөлінген қала сол кезде поп- және субмәдениеттің қайнаған ошағы әрі жасампаз дилетанттар мен әлемдік деңгейдегі жұлдыздар бас қосатын орта болатын. Фильм бөлінген қаланың соңғы он жылдығы – панкдан бастап Махаббат шеруіне (ағыл. Love Parade) дейінгі оқиғалар – туралы әңгімелейді. Шынайы материалдармен, әлі жарық көрмеген видео- және Super 8 киноматериалмен өрнектелген.    
 
Бағдарламада сонымен қатар:
18.11.          Фридланд (2015)
19.11.          Мемлекет Фриц Бауэрге қарсы (2015)
20.11.          Қорқыныш әліпбиі (2015)
21.11.          Би туралы армандар (2010)
 
 
 

Артқа