Неміс киносының күндері KinoGerManija: Тең деңгейде

Тең деңгейде   © Wolfgang Ennenbach

Жк, 25.11.2018

15.00

Нұр-Сұлтан

Германия 2016, 96 мин. (FSK 6)
Режиссер: Эви Гольдбруннер, Йоахим Долльхопф
Рөлдерде: Луис Форбах, Джордан Прентис, Элла Фрэй және т.б.
 
Анасы көз жұмған соң балалар үйіне орналасқан Михи өзін онда бақытты сезіне алмайды. Басқа жақындарынан ешқандай хабарсыз. Өзінің әкесі болуы мүмкін адамға арнап жазылған анасының хатын тауып алған 10 жасар баланың көңілінде үміт оты тұтанады. Михи ол адамды іздеп, табады. Бірақ ол баланың өзінің әкесі туралы қиялына мүлде сай келмейді. Ұлым бар деген ой санасына да кірмеген Том ергежейлі болып шығады. Мұны біліп алған балалар үйіндегі басқа жасөспірімдер Михиді мазаққа айландырады. Бұл жайт Михидің Томға деген қатынасына әсер етпей қоймайды, әрине. Бұл аз болғандай, кәмелетке толмаған балалар ісіне жауапты басқарманың қызметкері әкелікті анықтайтын тестіге тапсырыс беріп қойыпты...  
 
Бағдарламада сонымен қатар:
23.11. сағ. 19         Феникс (2014)
24.11. сағ. 15         Тимм Талер немесе сатылып кеткен күлкі (2017)
24.11. сағ. 17         Бір бағытқа (2014)
25.11. сағ. 17         Жазықты (2015)
 
 

Артқа