Воркшоп ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС КИНЕМАТОГРАФИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ВОРКШОП

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС КИНЕМАТОГРАФИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ВОРКШОП © GettyImages / Goethe-Institut e.V.

Ср, 12.08.2020 -
Жм, 14.08.2020

14.00 - 16.00

Online

Қазақстандағы Гете-Институт және Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығы германиялық фильм сарапшысы Дмитрий Поповтың басқаруымен «Сценариймен жұмыс: Бас кейіпкер, үш акт құрылымы, сахна мен диалог» атты онлайн-курс ұйымдастырады.
 
Уақыты:  12-14 тамыз 2020 ж., орыс тілінде


Бұл білім беру жобасы белсенді және талантты жастарға, жас кинематографистердің әлеуметтік тақырыптағы бастамаларына қолдау көрсету, оған қоса, инновациялық білім мен технологияны жеткізу мақсатында өткізілмек. 
 
Воркшоптың негізгі мақсаты:
  • Өз жұмыстары үшін жаңа, тиімді формалар мен әдістерді іздеу үстіндегі кино саласының жас мамандарының жобаларына ақпараттық және әдістемелік қолдау беру
  • Кино индустриясы саласындағы жастарды қолдау
  • Кино саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені тарату
  • Жобалар әзірлеу, мақсат – воркшопқа қатысушылардың оларды іске асыру бағытындағы болашақ іскерлік ынтымақтастығы
Қосымша ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: 
+7 701 971 11 17

Режиссер, сценарист және продюсер Дмитрий Попов 1963 жылы Мәскеуде туған. Герасимов атындағы кинематографиялық БМКИ-дің сценарий-кинотану факультетін тамамдаған соң, "Мосфильм" киностудиясы мен "Искусство кино" журналында редактор болды, "Огонек" журналының мәдениет бөлімі редакторының орынбасары қызметін атқарды. 1991 жылы Германияға қоныс аударды. Азаттық радиосының Орыс тілді қызметінде  редакторлық етті. Мюнхендегі Телевизия және кино жоғарғы мектебін бітірген. Неміс киносы экспорт одағында, "UFB Teleconsulting" медиаагенттігінде , "Blue Eyes Fiction" кино өндіру компаниясында және "Focus" журналында қызмет етті. MDR және ARTE телеарналары үшін бірнеше деректі фильмдер түсірген. 2011 жылдан Мюнхендегі Fresenius Университетінде дәріс оқиды, 2016 жылдан медиадизайн және коммуникация профессоры. Медиа менеджмент және коммуникация (B.A.), Motion Design & Management (B.A.), Digital Management (M.A.) факультеттерінің деканы.
 
 
 

Артқа