Кітаптың тұсаукесері / Фильм #heute#бүгін#сегодня

Біз Қазақ-Неміс Университетімен tomorrow was too late // #heute #бүгін #сегодня атты біріккен мәдени шаралар легін бастаймыз. Топтама «Қоршаған ортаны қорғау және баяндылық» тақырыбының алуан түрлі қырларына арналады. Бұл шараларды ұйымдастыруға су қорларымен жұмыс істеу, ауаның ластануы, жердің тозуы, биоалуантүрлілік, энергетикалық қорларды пайдаланудағы тиімді жолдар, климаттың өзгеруі және т.б. мәселелерге қатысты қазақстандық сарапшылардың шетелдік кеңесшілердің көмегімен дайындаған «Ертең тым кеш болды: Қазақстанның экологиялық қатерлері» атты экожинақтың жарыққа шығуы себепші болды.   
Аталмыш экожинақтың тұсаукесері 2021 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 17:00 Алматыда, DKU EVENT FORUM өтеді. Тұсаукесер пікірсайысқа және «Экоцид» фильмінің (Германия, 2020, реж. Андрес Файель, 90 мин.; неміс тілінде, орыс тіліндегі субтитрмен) көрсетіліміне ұласады.
Қатысушылардың саны шектеулі, алдын-ала тіркелу қажет!
Шараға кіру үшін Ashyq қосымшасымен тексерілу талап етіледі.
29 қыркүйекке дейін тіркелуге болады:    forms.gle/9SD41RvbxRCPEjxr8  

Артқа