«Қала бұрыштары» ойыны соңғы кезеңде

 Сиқырлы энергия өзенінің Қарауылдары -Астана қаласындағы «Диамант» неміс жастар клубының мүшелері
| Foto: © Sergej Astrelin

Астанада еліміздің астанасындағы экологиялық көрнекті орындарды қамтитын мобильді қондырғылырға арналған қосымша- «Қала бұрыштары» ойынының үшінші кезеңін қорытындылау болып өтті.

Бүгінгі таңда бұл ойынды  2000 астам адам жүктеп алған, олардың дені жасөспірімдер мен жастар.  Ең белсенділері Сиқырлы Энергия Өзенінің Қарауылдарының  3- ші үлкен мерекесіне жиналды, олардың мақсаты- ең үздіктер кім екенін білу және уақытты қызықты ды көңілді өткізу болды.


   Кеш қызу үстінде | Foto: © Sergej Astrelin Ануар Нурпеисов,  «Қала бұрыштары» ойынына қатысушы:
Мен бұл ойынға қатысқан себебім ол біздің қаламыздың экологиясын дамытуға үлес қосуда. Оған көптеген жасөспірімдер мен жастар қатысады. Бұл өте қызықты да тартымды ойын, мен ойнағалы бір жылдай болып қалды.  Ойынның тартымдылығы сол- оған жастар көптеп қатысады және сол арқылы үйренеді әрі  дамиды, мысалы: біздің астанамызды қалай қорғауға болады, қала үшін жаңа жобаларды дайындау арқылы жасыл желекке қалай бөлеуге болады.
Мерекенің думанды бөлігіне Астана қаласының «Возрождение» немістер қоғамының «Диамант» клубы жауап берді. Алматы шебері  Татьяна Ильченконың бір семинарларынының бірінде тігілген киімінде олар  Су, От, Жер, Жел, және Уақыт пен Болашақ Қарақшыларын бейнесінде болды. Олар көңілді жарыстарды ұйымдастырды, би биледі, ерекше сұрақтар қойды  және ойынға қатысушылардың батылдығы мен тапқырлығын тексерді.  Қысқасы барлығы да уақыттарын әрі тиімді  әрі пайдалы өткізіп, әрі  көңіл көтеріп қайтты.

 «Қала бұрыштары» ойынының жеңімпаздарымен бірге естелік сурет Foto: © Sergej Astrelin Ирина Хеч, жоба жетекшісі:
Менің байқағаным, қатысушылар 3-кезеңде ерекше белсенділік танытты. Бізде қатысушылардан құрылған белгілі бір орта пайда болды.  Әрбір кезеңнің соңғы аптасында барлығы бір кісідей жиналып алып соңғы дайындыққа аттанды.   Бұл Астанада ауа-райының жылынуына да байланысты болар, енді қыстағы аязда бара алмаған орындарға бару, орындалмай қалған тапсырмаларды орындап жеңіске жету мүмкіндігі туды. Өте белсенді қыздар мен жігіттерден тұратын бір топ пайда болды, олар шын айқасқа кірісті. Олардың барлығы да жинаған баллдары бойынша және тапқырлығы үшін жүлделерге ие болады. Осы ойын барысында оған қатысушылар Астананы экологиялық тұрғыдан дамыту үшін өте қызықты идеяларды ұсынған болатын.
Ал енді жүлделерге келсек. Әр кезеңдегі ең жоғарғы марапат ол дүниежүзіндегі ең экологиялық таза көлік ретінде танылған велосипед болып табылады. Ол бірінші орынға беріледі. Бұл жолы екі аяқты көлік Клара Кайратоваға берілді.  Айта кетсек, ұйымдастырушылар ең соңғы сәтке дейін  жеңімпаздардың ат-жөнін білмейді, өйткені  оларда тек олардың лақап аттары мен электрондық адрестері ғана болады. Жинаған баллдары бойынша екінші орынды астаналық бір сәулеттік фирманың қызметкері  Дамиля Катренова алды, ал үшінші және төртінші орынға– оқушылар Света Ли мен  Даша Загаровская ие болды. Олар сыйлық ретінде әртүрлі гаджеттер алды. Негізгі сыйлықтардан басқа ойынға фотокомментарий жасаған ең белсенді және тапқырлық танытқан ойыншыларға да шағын кәдесыйлар берілді.
Астанада өткен Қарауылдардың  үшінші  үлкен мерекесінің қатысушылары Foto: © Sergej Astrelin Наурыздың 30-да соңғы  4-ші кезең басталды. «Қала бұрыштары» ойынының негізгі мақсаты  - қала тұрғындарының назарын  экологиялық проблемаларға аудару, ал оларды шын мәнінде  дер кезінде және жемісті түрде  шешуге қол  жеткізуге болады. Доктор Ирина Хеч бұған кәміл сенеді,  өйткені ол  осы жобаға үш жылдан бері жетекшілік етіп келді  және біздің елде 10 жыл бойы тұрған еді.   
Ирина Хеч, жоба жетекшісі:
Менің тәжірибем керемет болды. Мен бір жобаның көмегімен қаншама адамды белсенді әрекетке шақыруға болатынын және оларды қызықты да нәтижелі жұмысқа қосуға болатынын  көрдім. Ал осы ойынға қатысушылар үшін де бұл тамаша тәжірибе болды деп сенемін. Олар  достарымен бірге ойнай отыра көптеген пайдалы идеяларды  іске асыруға  болатынын өз көздерімен көрді. Өйткені ол өте қызықты болды. Мен барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
«Қала бұрыштары» ойынының 4- ші кезеңі 5 айға созылады да тамыздың 30-да аяқталады.  Бұл  қосымшаны Астананың кез келген тұрғыны жүктей алады, оны іздеу үшін тек  ағылшын тіліндегі: Urban Corners беру керек. Ойын интерфейсі төрт тілде берілген: қазақ, орыс, неміс, және ағылшын.