«Қала 180 секундта»
Берлиннен Боготаға және қайтар жолда Токио мен Калькутта!

Бранденбург қақпасы
©Nils Bornemann

«Қала 180 секундта» - Гёте-Институт пен Неміс журналистика мектебінің 2014 жылы пайда болған видеожобасы.
 

180 секундтық видеоролик көрерменді әлем астаналары мен мегаполистердегі күнделікті өмірмен таныстырады, ондай ақпаратты ақпар-кітапшалардан таппайсыз және автобуспен жүргізілетін қаламен таныстыру кезінде де естімейсіз. Олар мазмұны мен стилі жағынан әртүрлі. Видео сериясы жеке адамдардың басынан кешкендерін, муниципалдық, мәдени және әлеуметтік жобалар туралы әңгімелейді, қала көшелері, вокзалдар мен сауда орталықтарындағы қарбалас өмірді көрсетеді.

Қалалықтарды не толғандырады, олар қаланың бір жерінен екінші жеріне қалай барады? Бір-бірімен қалай араласады, әдетте қай жерде жиналады? Өз уақыттарын қалай жоспарлайды, болашақтары туралы не ойлайды? Осы және басқа сұрақтарға жауапты сіз мына сілтеме арқылы http://www.goethe.de/z/180sec/deindex.html# өтіп не Гёте-Институттың YouTube-тағы аккаунтына ( #180sec) жазылсаңыз, табасыз.

Видеороликтер түпнұсқа тілінде көрсетіледі, бірақ көрермендерге қолайлы болу үшін, немісше, ағылшынша, кейде орыс, португал, қытай, жапон тілдерінде де субтитрлер қойылған. Кей серияларда қазақ тіліндегі субтитрлер де бар. Олар урбанистика бойынша  таяуда Алматыда өткен Қазақ тіліндегі алғашқы форум Urban forum Qazaqsha үшін арнайы даярланған.
https://www.youtube.com/playlist?list=PL1fSwCZ_3jCIosKHAd-pMsAabiJEbOhve

Болашақта орысша субтитрі бар видеолар саны өседі. Біздің жаңалықтарымызды жібермей қарап, қызықтаңыздар!