Әдеби кеш Әдеби кештер: "Неміс детективтері!"

18:30-20:00 сағ.

Қазақстандағы Гёте-Институт

Құрметті неміс тілінің достары,
 
Сіздерді 2019 жылдың 29-наурызы, жұма күні, 18.30-да Гете-Институттың кітапханасында өтетін «Оқырмандар клубының» келесі кездесуіне шақырамыз.

Келесі оқырмандар клубының тақырыбы: "Неміс детективтері!"

Детектив оқисыз ба? Cізге ұнайтын детектив жанрында жазатын авторлар бар ма?
Неміс тілінде детектив оқисыз ба?
Жалпы, неге детективті сүйіп оқимыз?
Бұл әдеби жанрға Германияда қандай ерешеліктер тән және ең мықты неміс тілді детектив авторлары кімдер?
Келіңіз, осы және басқа да көптеген сұрақтарды "Оқырмандар клубында" 29.03. бірігіп талқыға салайық!
Айтпақшы, өзіңіз қысқа детективті хикая ойлап шығарғыңыз келе ме? Онда  бірге  ойланайық!

Соңына қосарымыз: Гёте-Институт кітапханасынан детективтің түр-түрін ғана емес, өзіңіздің тілдік деңгейіңізге сәйкес келетінін де таба аласыз! Кеш барысында сол кітаптармен де танысамыз! 

Мына жерде Сіздер "Сенің тартымды жанарың" атты детективті әңгімені оқи аласыздар:
"Сенің тартымды жанарың" Тағы бір ұсыныс..."Амстердамнан келген ұры" атты шытырман оқиғаның шешуін іздеп көріңіз!
Der Dieb von Amsterdam

Барлық неміс әдебиетіне қызығушыларды "Оқырмандар клубына»  шақырамыз (неміс тілін меңгеру деңгейіне қарамастан)!
 
«Оқырмандар клубы» Сіздерді құшақ жая қарсы алады!

Уақытыңыз қызықты өтсін!
Гёте Институт кітапханасы

Сондай-ақ біздің Onleihe қорымызды да назарларыңызға ұсынамыз: www.goethe.de/ins/kz/ru/alm/kul/bib/onl.html

 

Артқа